«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – 190 жылдық тарихы бар Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі. Музей ғимараты 1879 жылы шығыстық сәулет стилінде салынып, орыс-қырғыз (қазақ) қолөнер мектебі болған. Мұнда ұл балаларға сауат ашу, ағаш ұстасы, құрылыс ұстасы, темір ұстасы және жабдық жөндеушілік кәсіптері үйретілген.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1836 жылы әскери училище жанынан ұстаз Курилиннің басшылығымен қолға алынған. Оны ұйымдастыруға ғалымдар Г.С.Карелин, Н.С.Северцев және Л.С.Берг қатысты. Алғашында музей әскери оқу орнында орналасып, кейін көркем сурет-графика факультетіне, «Пушкин» қонақ үйі орналасқан ғимаратқа, шіркеулерге көшірілді.
1870 жылы музей Орал реалдық оқу орнына ауыстырылды. Бүгінде бұл оқу орынанда Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі орналасқан. 1980 жылы Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен музейге XIX ғасырдың соңында орыс-қазақ қолөнер мектебі үшін салынған екі қабатты ғимарат берілді. Осылайша музей қазіргі орналасқан ғимаратына көшті.
Бүгінгі таңда музейдің 19 бөлімі өңір тарихымен танысқысы келген баршаға Жайық жұртының өткенінен сыр шертіп, ғасырлар мұрасын көзбен көруге мүмкіндік береді.
Олар:
- Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі;
- А.С.Пушкин музейі;
- Е.Пугачев музей-үйі;
- Сәкен Ғұмаров музей-үйі;
- Табиғат және экология музейі.
- «Домбыра – ұлттық рух» музейі;
- М.Мәметова мемориалдық музейі;
- М.А.Шолохов мемориалдық музейі;
- Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі (Сырым ауданы, Жымпиты ауылы)
- Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі;
- Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі (Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы);
- Бөрлі өлкетану музейі (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы);
- В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі (Ақжайық ауданы, Чапай ауылы);
- Мұхит Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі (Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы);
- Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейі;
- Теректі тарихи-өлкетану музейі;
- Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі (Казталов ауданы, Ақпәтер ауылы);
- Көктерек тарихи-өлкетану музейі (Казталов ауданы, Көктерек ауылы);
- «Атамекен» өнер ордасы көрме залы.
Бүгінде музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақталуда.
Музей экспозициясы тарихи кезеңдерге арналған 7 экспозициялық залдан тұрады:
І зал. Археология залы;
ІІ зал. Жайық қалашығы пайда болу тарихы залы;
ІІІ зал. Қазақ хандығы және Бөкей Ордасы құрылу тарихы залы;
ІV зал. Жауһар жәдігерлер залы;
V зал. ХХ ғасыр тарихына арналған зал;
VІ зал. Білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихына арналған зал;
VІІ зал. Тәуелсіздік залы.
Байланыстар:
Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 184.
Телефон: Директордың қабылдау бөлмесі: 8 (7112) 50-51-65
Анықтама: 8 (7112) 24-75-24
WhatsApp номері: 8-700-024-75-24
Telegram: 8-700-024-75-24
Сайт: www
Instagram: bqo_muzei
Facebook: Батыс Қазақстан обылыстық тарихи-өлкетнау музейі
Tik-Tok: bqo_muzei
Threads: bqo_muzei
E-mail: olketanu@mail.ru