«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / Жайық жауһарлары залы.

Жайық жауһарлары залы.

«Жайық жауһарлары залы» қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зергерлік бұйымдар арқылы жеткізеді. Экспозицияда қазақ қыз баласының он үш жасқа дейінгі, бойжеткен шағы мен қалыңдық, келін, ана, ене, құдағи, әже болғанда тағатын әшекей бұйымдары ұсынылған. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдай, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас, сыйластықты үнсіз, әшекей бұйымдар арқылы жеткізіп-түсіндірген халық даналығына тәнті боласыз. Бұл залдан Ә.Қастеевтің «Қыз Жібек пен Төлегеннің кездесуі» атты графикасын, дәстүрлі қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан таза күмістен жасалынған, асыл тастармен безендірілген әшекей бұйымдарды, күміс ыдыстар коллекциясын және бүгінгі сәнгерлер киімінің коллекциясынан алынған киім үлгілерін көріп тамашалай аласыздар.

Scroll to Top