Жайық қалашығы пайда болу тарихы залы.
«Жайық қалашығы пайда болу тарихы залы» Орал қаласының тарихы туралы сыр шертеді. Алтын Орда кезіндегі Жайық қалашығы – Орал қаласының тарихын одан әрі тереңдеткен, тарихи маңызы бар ортағасырлық қала орыны. Залға Жайық қалашығының макеті, осы қала орнынан табылған кірпіш тастар, шығыр құмыралары қойылған. Сонымен қатар бұл залдан ХVІ ғасырда Жайық жағасына Ресейден көшіп келген казактардың тарихы, тұрмыс-тіршілігімен де танысуға болады. Казактардың балық аулау кезінде пайдаланған құралдары, Жайық казак әйелінің көйлегі, Екатерина ІІ казактарға берген сыйлықтары және ХІХ ғасырдағы Орал қаласының келбеті көрсетілген әкелі-балалы суретші Лангелердің графикаларын көріп тамашалай аласыздар. Зал экспозициясы Орал қаласында болған орыс, татар ақын-жазушылары туралы да ақпарат береді. Сондай-ақ бұл залдан 1889 жылы негізі қаланып, үлкен сұранысқа ие болған атақты Кузнецов фарфор зауытының түпнұсқалық заттарын да көруге болады.