«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Дулыға — батырдың бас киімі

01.06.2026·«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Сипаттама

ДулығаБатыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы жәңгір  хан атындағы тарихи- этнографиялық музейінде  көрермен назарына ұсынылған жәдігер.  Өзбекстанның Бұқара қаласында тұратын Қадырбай ақсақалдан сатып алынған батырдың  бұл бас киімін 2008 жылы алматылық жеке кәсіпкер Естай Даубаев музей қорына тапсырған болатын.

Дулыға-  батырдың басын сойып, шоқпар, қылыштан және садақ оғынан сақтауға арналған бас киім түрі. Ол көбінесе көбе сауытпен киілген.

Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Кейде бетті  қорғау үшін  маңдайдан темір тілшелер орнатылған. Орта ғасырлардан бастап дулыға  темірден жасалған. Олар көбінесе бірнеше бөліктен құрастырылып жасалады, оны «құрама дулыға» деп атайды. Бірақ, мына дулыға металдан тұтастай құйылып жасалған.

Бұл дулығаның түсі сарғыш- қоңыр, жалпы биіктігі -28 см, шетіне 3 см биіктікте өрнектер салынып, арабша сөздер жазылған. Онда қасиетті Құранның 100 «Адиат»сүресінің аяттарын оқуға болады. Бұл сүренің қазақша мағынасы төмендегідей:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

  • Қатты ентігіп, шапқан, (2) (Тұяғынан) от шығарған, (3) Таң сәріден шабуыл жасаған, (4) Тозаңдатып, шаңдатқан: (5) Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. (6) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. (7) Өйткені ол, өзі де оған куә. (8) Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. (9) Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде.
  • Маңдайдан екі көздің ортасына түсіп тұратын темір тілше жоғары күмбезге жалғасқан да, 12,5 см тік, ұшты шанаққа өсімдік стилінен өрнектеліп, төменгі бөлігі жолақты дөңгелекке бірге құйыла бекітіліп, дулығаның төбесін құрайды. Алдыңғы бөлігінде 28 см биіктікте  2 жағында жебе бейнесі бар, ені 1см орнатылып, ол дулығаға қошқар мүйізді ою арқылы  бекітілген. Төменгі жиегінде  ұзындығы 14 см шілтерлі темір тор шынжырлар арқылы бекітілген, тордың шеті  ұшбұрышты  болып келген. Дулығаның ұзақ тұтынылғаны байқалады, бояуы кетіңкіреп, ішкі жағы тот басқан.

      Дулығадағы қасиетті Құран аяттары тектен- текке жазылмай,  батырларға рух берсе керек. Оған ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар,  дастандар, эпостардан батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде  оқшантайлы белдік болғаны дәлел.

Міне,  осындай жәдігерлерді тану арқылы  келешек ұрпақ елін, туған мекенін сыр жаудан қорғаған ата- бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын ұғады.

Іңкәр Оразова,
БҚО тарихи-өлкетану музейі,
экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

(«Дана. kaz» журналы, № 5(6) маусым, 2013ж. жәдігер бөлімі 36 бет)
https://www.danaqaz.kz/barlyk-nomirler/2013/5-6/item/198-dulyga-batyrdyn-bas-kiimi

Scroll to Top