ХХ ғасыр тарихы залы.
«ХХ ғасыр тарихына арналған зал» экспозициясынан ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қaзaқтың aтaжұртынa, оның бaйлығынa өзі ие болуын, өз алдына дербес ел болуын көздеген Алаш партиясының, Алаш Орда үкіметінің құрылуындағы мұрағаттық құжаттарды көре аласыздар. Жаһанша және Халел Досмұхамедұлылар жетекшілік еткен Батыс Алаш Орда тарихымен таныса аласыздар. 70 жыл үстемдік құрған Кеңестік кезеңнің тарихи оқиғалар тізбегі зал жәдігерлері арқылы көз алдыңызға келеді.
1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының қаза болған жерлерінен табылған жәдігерлер де көрермен назарына ұсынылып отыр.
1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысына біздің өңірден қатысқан жауынгерлер, соғыс ардагерлерінің суреттері мен хаттары, майдан даласында тұтынған заттары қойылған. Ұлы Отан соғысы кезінде Батыс Қазақстан Сталинград майданының тылына кірген. Облыстың Бөкейорда, Жәнібек аудандарының халқы ысқырған жау бомбасының астында қалған. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға Орал облысынан 2000 комсомол жастар өз еріктерімен аттанып, Орал өңірінен 152, 101 – жеке атқыштар және 86 артилериялық бригадалары жасақталған. Олардың ішінен 44 жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атаққа ие болған.
Соғыс жылдарында Орал облысына 14 өндірістік кәсіпорын көшіп келген. Далада да, қалада да тыл еңбеккерлері «Барлығы Жеңіс үшін» ұранымен өмір сүрген. Соғыстан кейін олар қираған халық шаруашылығын қалпына келтірген. Міне, зал жәдігерлері осындай орасан еңбек еткен жандардың өміржолымен таныстырады.