«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Айбалта

01.06.2026·«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Сипаттама

Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейінің «Алтын Орда» залы экспозициясында қазақ батырының қару- жарағы- бес қаруы көрсетілген. Ер қаруының бесеу болып қалыптасуы- олардың айқаста бірін- бірі  ауыстыра алмайтын тек өзіндік жеке қызметінің болуына байланысты. Олар: ату (садақ), кесу (қылыш), түйреу (найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар). Осы бес қарудың бірін- әкесінен қалған айбалтаны 1974 жылы музей қорына Батыс Қазақстан облысы, қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылының тұрғыны Саламат  Қуаншалиев тапсырыпты. Айбалтаның иесі – тана руының белді ағасы, Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылының негізін қалаушылардың бірі Қуаншалы Тінәшұлы екен. Айбалта XVIIІ ғасырдың  орта шамасында жасалған.

Айбалтаның жалманы жарты ай тәрізді, жүзі жалпақ, шүйдесі  төртбұрышты, сабы емен ағашынан жасалған. Жалманында ойылып ою- өрнектер салынған. Басы шығып кетпес үшін сабына қосымша екі темір бекітпе арқылы ұстатылады. Айбалтаның шабумен бірге кесу арқылы да жарақат салу мүмкіншілігі бар екен. Осы ерекшелігіне байланысты бұл қаруды қазақтар жиі қолданған. Ауызша, жазбаша деректерде шабу құралдарының ішінде айбалта жиі айтылады. Осы қару қазақ арасында жауынгерлік қару ретінде ХХ ғасырдың басына дейін тұрақты қолданылып келген.

Гүлмира Кауланова,
БҚО тарихи-өлкетану музейі,  қор бөлімінің меңгерушісі

(«Дана. kaz» журналы, № 10(11) желтоқсан, 2013ж. жәдігер бөлімі 8 бет)

Scroll to Top