«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / БҚО білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы залы.

БҚО білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы залы.

«БҚО білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихына арналған залда» Ақ Жайық өңірінен шыққан шоқтығы биік асылдарға қатысты жәдігерлер қойылған. Күй атасы Құрманғазы, Дина, Сейтек, Мұхит Мералыұлы мен Ғарифолла Құрманғалиев сынды қазақ халқының мақтанышына айналған алып өнер иелері туралы біле аласыздар.

Өлкеміздің атақты күйшісі Қали Жантілеуовтың 40 жыл бойы көзінің қарашығындай сақтаған домбырасын да осы залдан көре аласыз. Күйшінің шәкірті, Қазақстанның Халық Әртісі Тұяқберді Шәмілов, скрипка сүлейі атанған Марат Бисенғалиев туралы да мағлұмат аласыздар.

«Мен – қазақпын», — деп жырлаған Жұбан Молдағалиев ұстаған заттар мен пайдаланған бұйымдарын көзіңізбен көресіздер.

Сахна саңлақтары Хадиша Бөкеева мен Роза Жаманованың сахналық киімдерін тамашалайсыздар.

Бейне

Scroll to Top