ҚР Тәуелсіздігі залы.
«ҚР Тәуелсіздігі залынан» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемендіктің алғашқы жылдары мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдаған құжаттарын көруге болады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықаралық қатынастары мен кездесулері де назарларыңызға ұсынылады.
Зал жәдігерлері облыстың дамуы, экономика, білім, мәдениет, спорт саларындағы жетістіктері туралы да баяндайды.
1979 жылы облыс аумағында ашылған Қарашығанақ кен орны туралы жәдігерлерді де көзіңізбен көріп, таныса аласыздар.
Сонымен қатар облыс басшыларына көршілес елдердің тартқан сыйлары да зал экспозициясынан орын алған.