Бөрлі тарихи-өлкетану музейі
Бөрлі өлкетану музейі Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы қаңтар айының 13-і күнгі №5 шешіміне сәйкес құрылды.
Музей өткен ғасырдың 80-ші жылдары неміс құрылысшылары салған ғимаратқа орналастырылды. Алғашында коммуналдық үй шаруашылығының теңгерімінде болған бұл нысан кейін, 1999 жылы музейге беріліп, бүгінде заманға сай күрделі жөндеуден өткен аудандағы ең бір көрікті, мәдениетті орындардың бірі болып саналады.
2018 жылы музей ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, музей залдарының экспозициясы заманауи үлгіде қазіргі заманға сай жаңғыртылып өзгертілді, атап айтсақ:
Бөрлі ауданының тарихы-26,8 ш.м.
Қазақ халқының этнографиясы-33,7 ш.м.
Азаматтық және Ұлы Отан соғысының тарихы-33,7 ш.м.
Тың игерушілер-24,2 ш.м.
Қарашығанақ-24,2 ш.м.
Экология-78,3 ш.м.
Рухани жаңғыру- 78,3ш.м.
Музей қорында 6115 астам жәдігерлер жинақталып сақталуда. Коллекцияның басым бөлігі Бөрлі ауданынан табылған жәдігерлер, сыйға берілгендер де аз емес. Олардың ішіндегі өте құндылары – қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, ер-тоқым, батырлардың сауыт-сайманы, әйелдің камзолы, ер адамның белдігі, тұрмыстық заттар.
Мекен жайы: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 10 ықш. 5/2 үй