«Бөрлі өңірінің тарихи-мәдени мұрасы: архив деректері, шежіре және өлкетану зерттеулері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 15 маусым күні «Бөрлі өңірінің тарихи-мәдени мұрасы: архив деректері, шежіре және өлкетану зерттеулері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға өлкетанушылар, тарихшылар, архив саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелде келесі баяндамалар тыңдалды:
? Өлкетанушы Нұрлан Сәдір «Марабай таным» жобасы бойынша баяндама жасады.
? А.Ш. Құрымбаев «Борлы тау» кітабының тарихы мен мазмұны туралы баяндама оқыды.
? Тарих ғылымдарының магистрі Е. Мұратов «Бөрлі тарихы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің қорларында» тақырыбында баяндама жасады.
? Өлкетанушы Д. Еншібаев «Табын руы Әшібек атасының шежіресі» кітабы бойынша баяндама ұсынды.
Сонымен қатар, Сұлтан Баймағамбет Айшуақов пен Ержан Шолақовтың ұрпақтары өз аталарының бас киімдерінің көшірмелерін музей қорына салтанатты түрде табыстады.
Дөңгелек үстел барысында Бөрлі ауданының бай тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, архивтік деректерді ғылыми айналымға енгізу және өлкетану бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған басқосу өңір тарихын зерделеуге және ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған маңызды ғылыми-танымдық алаңдардың бірі болды.