Бөрлі ауданының тарихы залы
Бөрлі ауданы және Ақсай қаласының өркендеу тарихын баяндайтын фотосуреттер мен жәдігерлерге толы. Фотосуреттерде Ақсай қаласында алғашқы салынған ғимараттар көрсетілген: теміржол вокзалы мен су құбыры мұнарасының құрылысы, автобекет, теміржол клубы, алғашқы машинист болған Н.Дутбаевтың теміржолшы костюмі қойылған, Бөрлі ауданы бойынша 1936-1991 жылдар аралығындағы қызмет еткен Қазақстан компартиясы аудандық комитетінің бірінші хатшылары, Бөрлі өңірінен шыққан белгілі ғалымдар, министрлердің фотосуреттері. 1963 жылы Ақсай қаласында Бөрлі аудандық орталық ауруханасы ашылып, бірінші бас дәрігер болған Валентин Леонтьевич Юн, сол кезде қолданыста болған медициналық құралдар. Өткен жылдардағы мектеп атрибуттары: дабыл, барабан, мектеп формасы мен партасы, қылқалам, диапроектор, патефон келушілер назарларына ұсынылған. Залда Облавка орта мектебі директорының екі тумбалы жұмыс үстелі, үстіне жазу машинкасы, телефон қойылған.
1980 жылдардың ортасынан бастап Бөрлі ауданының тарихында жаңа кезең басталды, әлемдегі ең ірі кен орны — Қарашығанақ мұнайгаз кен орнын игеруге байланысты фотосуреттер қойылған.