«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің қоры жаңа жәдігерлермен толықты

16.06.2026 Бөрлі тарихи-өлкетану музейі

2026 жылғы 15 маусым күні Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің қоры жаңа жәдігерлермен толықты.

Өлкетанушы, тарих ғылымдарының магистрі А.Ш. Құрымбаев музей қорына өзінің «Борлы тау» (I және II бөлімдер) және «Борлы тау батырлары» атты тарихи кітаптарын табыстап, олардың мазмұны мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берді.

Сондай-ақ Бөрлі ауданының тұрғыны, өлкетанушы Дамир Сабыржанұлы Еңшібаев музейге «Табын руының шежіресі» атты кітапты сыйға тартты.

Қоғам қайраткері, Орал облысы Қарашығанақ болысын басқарған Ержан Шолақовтың (1818–1905 жж.) ұрпақтары аталарының бөрігінің көшірмесін музей қорына табыстады. Аталған жәдігердің түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сақтаулы.

Сонымен қатар, сұлтан, генерал-майор, Кіші жүз ханы Айшуақтың ұлы, Әбілқайыр ханның немересі Баймағамбет Айшуақовтың (1790–1847 жж.) ұрпақтары атасының бас киімінің көшірмесін музейге сыйға берді. Бас киімнің түпнұсқасы да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сақталған.

Музей қорына табысталған бұл құнды жәдігерлер өңір тарихын зерттеу мен насихаттауда ерекше маңызға ие. Олар келешек ұрпаққа аманат болып қалатын баға жетпес тарихи-мәдени мұра саналады.

Музей ұжымы қорды толықтыруға үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысын білдіреді.

Scroll to Top