«Мұрагерлік пен шығармашылық»: музей қорына құнды жәдігерлер табысталды
22.05.2026
·
Бөрлі тарихи-өлкетану музейі
Музейімізде «Мұрагерлік пен шығармашылық» атты ерекше кездесу болды: Ақтобе облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Руханият» клубының төрайымы, өлкетанушы, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ақын Жібек Османғалиқызы Абдуллина өзінің Менің атам- майдангер» атты кітаптарын, «Qazagstan dauiri» газетін музей қорына табыстады. Зейнеткер Бақтиярова Аққүлан Құлмағамбетқызы өзінің әкесі жырау, айтыскер ақын, әнші-күйші Құлмағамбет Иманиязұлына ұлы ақын Жамбыл Жабаев өзінің тұтынған сыйға тартқан домбырасын және бірнеше жәдігерлерді музейге тапсырды.
Бұл — біздің аудан үшін үлкен мәртебе және келер ұрпаққа қалатын баға жетпес мұра.