«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бөрлі музейінде Ұлттық домбыра күніне орай дәріс өтті

03.07.2026 Бөрлі тарихи-өлкетану музейі

Ұлттық домбыра күніне орай Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты танымдық дәріс өтті.

Шараға аудандық музыка мектебінің оқытушылары, «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі мен «Жігер» оркестрінің жетекшілері, Қызылтал орта мектебінің мұғалімдері мен лагерь оқушылары қатысты.

Жиынды музей меңгерушісі Зумрад Менешева ашты. Дәріс барысында музей экскурсоводы Әлия Ижекенова балаларға домбыраның шығу тарихы, құрылысы, түрлері мен күй орындау шеберлігі туралы кеңінен баяндап берді.

Танымдық сағат барысында музыка мектебінің оқушылары Заңғар Шарипов пен Қуандық Юртубаев Құрманғазының «Адай» күйін орындаса, жас өнерпаздар халық күйі «Ілмені» шебер тартып, жиналғандардың ықыласына бөленді.

Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл кездесу жас ұрпақтың төл құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, домбыраның ұлттық руханияттағы орнын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.

Scroll to Top