Азаматтық және Ұлы Отан соғысының тарихы залы
Аудан бойынша азамат және ҰОС-на қатысқан жерлестердің мәліметтері мен, фотосуреттері және олардың қолданған заттарымен жабдықталған.
Экспозицияға Ауған соғысына қатысушы жауынгер Аманжол Ғұсмановтың костюмі, жеке заттары қойылған. Бөрлі ауданының, Ақсай қаласының еңбек және соғыс ардагерлері Кеңесі төрағаларының фотосуреттері, Ұлы Отан соғысына қатысушы Исмайлов Бекмұханның жұбайы Көркемге майданнан жіберген үшбұрышты хатының түпнұсқасы қойылған. Келесі экспозицияда Кеңес Одағының маршалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры Георгий Константинович Жуковтың мүсіні қойылған.