Экология залы
Зал экспозициясында туған өлкеміздің табиғаты, жануарлар әлемімен танысуға болады. Бөрлі ауданы далалық аймақта орналасқан. Дала — ормансыз кеңістік, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер, шөптесін өсімдіктер кездеседі.
Өсімдіктер әлемінен өсіп — өну орындары көрсетілген гербарий жинақталған. Келесі экспозициясында өңірімізде мекендейтін аңдардың тұлыптары: қасқыр, елік, түлкі, қарсақ, егеуқұйрық, қаракүзен, құндыз, тасбақа, сусар, қабан, борсық, саршұнақ…
Батыс Қазақстан облысының барлық аймақтарында кездесетін — батпақ тасбақасы. Құстардан үкі, қарға, ұзақ, торғай, сарышымшық, бөдене, сондай-ақ суда жүзетіндер: аққу, дала үйрегі, тырна, дала қаздары және тағы басқалары кездеседі. ауданымызда мекендейтін құстар-үкі, қаршыға, құр, бұлдырық, сұңқар, көкек және тағы басқаларын көре аласыз.