«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Қарашығанақ залы

1979 жылы 280 шаршы шақырым жерді алып жатқан Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орнының ашылуы мен игерілуіне байланысты жәдігерлер қойылған. Экспозицияда Қарашығанақ кен орнынан игерілетін мұнай үлгілерін көре аласыз. Зор қызығушылық тудыратын Қарашығанақ кен орнындағы бұрғылау қондырғысының макеті, фонтанно-арматура, арнайы киімдер, кен орнының алғашқы із ашушыларының портреті, ресми сапарлары, әлеуметтік мәдениеттің нысандары туралы фотосуреттер, Қарашығанақ өңдеу комплексінің макеті. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат  тарихымен таныссақ: 1979 жылы тамыз айында Қарашығанақ ауылының маңындағы №10 іздестіру ұңғылмасынан газ және конденсат байқаған алғашқы кен көзін ашушылар – өндірістік-геологиялық бірлестік «Оралмұнайгазгеология» бас геологы Сухан Мақсұтұлы Камалов және өзі басқарған бұрғылау бригадирі Андрей Жарылғасұлы Жарылғасов, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері және бұрғылау шебері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сергей Федорович Лапшин  болған.

Scroll to Top