«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / Сәкен Ғұмаров музей-үйі

Сәкен Ғұмаров музей-үйі

Қаламыздың орталығында С.Ғұмаров музей-үйі орналасқан.

Бұл ғимарат суретшінің бұрынғы шеберханасы. Осы жерде қылқалам шебері жұмыс істеген. 1995 жылы 6 қаңтарда суретші қайтыс болғаннан кейін жергілікті өкіметтің шешімімен 1995 жылы 20 маусымынан бұл ғимарат суретші Сәкен Гұмаровтың музейі ретінде жұмыс істеп келеді. Музейде кіші және үлкен зал бар. Мұнда суретшінің жеке заттары, құжаттары мен суреттері қойылған. Қазіргі таңда суретші Сәкен Ғұмаровтың музей-үйі,  Батыс Қазақстан  облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі ретінде жұмыс жасап келеді.

Музей-үйінде КСРО Журналистер Одағының, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сәкен Ғұмаров Нәжімеддинұлының өмірі мен тылсым сырға толы туындыларымен танысуға болады.

Музейдің екі экспозициялық залы бар. Үлкен зал – 37,6 ш.м, кіші зал – 24,8ш.м қамтиды. Музейдің жалпы аумағы 72,2 км.м. Аталмаш залдарда С.Ғұмаровтың жұмыстары мен жеке заттары қойылған. Соның ішінде «Қасиетті көгершіндер шоғыры», «Шәкәрім», «Шолпан-нысан», «Тасқа айналған естелік», «Құстар», «Қолжетпес арман», «Түн. Тышқандар биі», «Мың сан шұғылалы сәулелер» атты картиналарымен бірге ұстанған заттары: қалта сағаты, қылқаламдары, студенттік билеттері, сыйлыққа берілген заттары  қойылған.

Экспозициялық залдар

Scroll to Top