«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Сәкен Ғұмаров музей-үйінде суретші, театр қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Сәкен Ғұмаровтың туған күніне орай «Қылқалам иесі – Сәкен Ғұмаров» атты еске алу кеші өткізілді.

12.02.2026 Сәкен Ғұмаров музей-үйі

2026 жылы 12 ақпан күні Сәкен Ғұмаров музей-үйінде суретші, театр қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Сәкен Ғұмаровтың туған күніне орай «Қылқалам иесі – Сәкен Ғұмаров» атты еске алу кеші өткізілді.

Шараның мақсаты – қазақ бейнелеу өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан суретшінің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның өнер жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Шараға облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Гульнара Насиболлақызы, суретшінің немере інілері Жамбыл Нұртасұлы, Жанболат Нұртасұлы, суретшінің қарындасы – Әлия Мұқамбетжанқызы, Суретшілер одағының мүшелері Бейбіт Мұқанов, Бақтығали Оразов, С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің педагогтері мен оқушылары қатысты.

Аталмыш шарада облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Гульнара Насиболлақызы алғы сөз сөйледі. Музей экскурсоводы слайд арқылы Сәкен Ғұмаровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өтті. Суретшінің қарындасы мен немере інілері естеліктерімен ой бөлісті. Суретшілер одағының мүшелері Бейбіт Мұқанов Жалпақтал өнер мектебінде сақталған С.Ғұмаровтың картиналарына тоқталса, Бақтығали Оразов оның шығармашылығы мен тұлғасы суретшілерге үлкен әсер еткенін еске алды.

Шараға С.Ғұмаров мектебінің оқушыларының көрмесі қойылды. Омар Хибашовтың орындауында «Ақжайық өлкем» әні, Болат Утешовтың орындауында «Қазақ елі – Атамекен» әні айтылды.

С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің директоры Ибрай Кураковқа сөз беріліп, шара соңын С.Ғұмаров музейінің меңгерушісі Жанболат Жүсіпұлы келген қонақтарға алғысын айтумен аяқтады.

Scroll to Top