Үш өнер иесі — Ерсайын Жапақтың шығармашылық әлемі
2026 жылғы 31 наурыз күні Сәкен Ғұмаров музей-үйінде суретші-сазгер, ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлының шығармашылығына арналған «Үш өнер – бір есім: Ерсайын Жапақ» атты авторлық көрме ашылды.
Көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұқанов, сондай-ақ Д.Қонаев атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Авторлық көрме барысында Ерсайын Жапақтың өмірбаяны таныстырылып, 2022 жылы С. Ғұмаров музейінде өткен кездесулерден алынған фотосуреттер слайд арқылы көрсетіле отырып, өнердегі ұстазы авангард суретші С. Ғұмаровтан бата алған сәті бейнеленген бейнематериал ұсынылды.
Көрмеге суретшінің музей қорында сақталған үш бірдей картинасы, ұстазы С. Ғұмаровқа арнаған «Абыз-аға» әні, халықаралық және республикалық көрмелерге қатысқаны үшін берілген дипломдары мен алғыс хаттары, мақалалары, өлеңдер мен толғаулары енгізілген кітабы экспозицияға қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме барысында Бейбіт Мұқанов Ерсайын Жапақтың өнері жөнінде қысқаша тоқталып, Арген Маратұлы да өз пікірін білдірді.
Ақын Ерсайын Жапақтың жүрекке жылы тиер сырлы өлеңдерін Д.Қонаев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Дәулет Әжіғали мәнерлеп оқып, көрермен көңілін ерекше әсерге бөледі.