Кіші зал
Аталмаш залда С.Ғұмаровтың жұмыстары мен жеке заттары қойылған. Соның ішінде «Қасиетті көгершіндер шоғыры», «Шәкәрім», «Шолпан-нысан», «Тасқа айналған естелік», «Құстар», «Қолжетпес арман», «Түн. Тышқандар биі», «Мың сан шұғылалы сәулелер» атты картиналарымен бірге ұстанған заттары: қалта сағаты, қылқаламдары, студенттік билеттері, сыйлыққа берілген заттары қойылған.