Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі
Жаңақала ауданындағы Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі 1991 жылы 22 ақпанда ұлы күйші, жерлесіміз Дина Нұрпейісованың туғанына 130 жыл толуына орай ашылды. Музей орналасқан бұл ғимарат 1972 жылы аудандық пионерлер үйі ретінде бой көтеріп, кейін балалар кітапханасы болып келді.
2008 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдарының қатарына қосылып, музей экспозициясы кеңейтіліп, жаңа жәдігерлермен, тың деректермен толықтырылды. Жалпы экспозициялық көлемі 115 шаршы метр аумақты алып жатқан музей, қазіргі заман талабына сай жабдықталған тұрақты көрмелік құрылымы бар үш бөлімнен: этнография, өнер және аудан тарихы залдарынан тұрады.
Жаңақала өңірінің ежелгі тарихы және этнографиясына арналған залдың экспозициясы 1871 жылы сауда орталығы ретінде салынған Жаңа Қазан елді-мекенінің тарихына арналған фотосуреттер мен заттай жәдігерлерден тұрады. Өнер тарихына арналған екінші залда өлкемізден шыққан өнер қайраткерлері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Оқап, Қали сынды күйші-композиторлардың, Т.Шәмілов, Ш.Қажығалиевтің ұстап тұтқан заттары, киімдері, домбыралары, фотосуреттері сақталған. Сонымен қатар музейдің үшінші залында ауданымыздың құрылған сәттен бүгінгі таңдағы тарихына қатысты мол мәліметтер берілген.
Бүгінгі таңда музейде 4 зал қызмет көрсетеді.1- зал 31,6 ш,м. 2-зал 46,1 ш,м. 3-зал 37,3 ш,м қамтиды. Ғимарат аумағы 149,4 ш,м.
Байланыстар:
Мекен-жайымыз:
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
Д.Нұрпейісова көшесі, 27. Д.Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі
8 711 41 22 414, 87014469988