«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Этнография залы.

Этнография залы қазақтың дәстүрлі мәдениетіне арналған. Жаңақала өңірінің ежелгі тарихы және этнографиясына арналған залдың экспозициясы 1871 жылы сауда орталығы ретінде салынған Жаңа Қазан елді мекенінің тарихына арналған фотосуреттер мен жәдігерлерден тұрады. Қазақ халқының ежелгі тұрмысын баяндайтын жәдігерлер: ат әбзелдері, тұс киіз, тұс кілем, ағаш табақ, қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, жастық ағаш, алаша, сандық, жез құман, жез самаурын, күміс зергерлік бұйымдар сынды жәдігерлер сақталған.

Scroll to Top