«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі

В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында орналасқан В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі ең алғаш тарихы 1941 жылдан басталады.

Ұлы Отан соғысы кезінде жабылып, 1959 жылы Республикалық дәрежедегі музейлер қатарында қайтадан ашылды. Жарты ғасырдан бері музей экспозициясы азамат соғысының батыры В.И.Чапаевтың өмірі мен жауынгерлік жолы туралы болды.

1977 жылы қосымша жаңа ғимарат салынып оған В.И.Чапаевтың өмірі мен қызметіне және 25-ші атқыштар дивизиясының Ұлы Отан соғысы сұрапыл жылдарындағы даңқты жолына арналған экспозициялар жасақталды.

2008 жылы музей күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан тарихи-өлкетану бағытында экспозиция құрылды. Музей экспозициясы 8 залдан тұрады:

1.Табиғат залы;

2.Археология залы;

3.Аудан тарихы және Ұлы Отан Соғысы тарихы;

4.Жергілікті ақын жазушылар залы;

5.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі залы;

6.Чапаевтың 25-ші атқыштар дивизиясының штабы;

7.Ординарецтер бөлмесі залы

8.Диорама «1919 жылы 5 қыркүйектегі Чапаевшалардың соңғы ұрысы».

9.Әскери тұтқынға алынғандардың зіндәні

Мекен жайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д. Қонаев көшесі 36-үй.  

телефон:87471171016.

 

 

Scroll to Top