«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Сирек қолжазба-құнды мұра

24.10.2025 В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі

Сирек қолжазба-құнды мұра
Ақжайық тарихи-өлкетану музейі «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы аясында көне құнды жәдігерлер, кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттерді жинақтау жұмыстарын жүргізу барысында құнды жәдігерлер туралы мәліметтер алынды. Жерлестеріміз Лидия Калыкова әжесі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны болған Байбосынова Ферузаның 1934 жылы шыққан «Әдебиет майданы»Абай Құнанбаев туралы көркем әдебиет кітабы мен Хасанова Меңдібике атасы Садақбаев Еркінғалидың ұстаған құран кітабын (шамамен 1900ж) музейіміздің қорына сыйға тарту етті. Сонымен қатар Измагамбетов Кумар әжесі Наукешева Назирадан қалған ескі арабша құран кітабын (шамамен 1800ж), Есенсай ЖОББМ-нің «Музей ісі» үйірмесінің жетекшісі Казиева Анаргул ауыл тұрғыны болған Аймагамбетова Дәржан әжейдің анасынан қалған 1882 жылы шыққан құран кітабын сканерленген түрін WhatsApp арқылы жолдады. Бұл жәдігерлер – халқымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасынан сыр шертетін асыл қазыналар.
Жобаның мақсаты: «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы халқымыздың тарихи және рухани мұрасын сақтау, ата-бабамыздан қалған асыл жәдігерлерді жинақтап,келешек ұрпаққа жеткізуді көздейді.

Scroll to Top