«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастауымен «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» атты жоба басталды.

10.09.2025 В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейі

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастауымен «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» атты жоба басталды. Қазіргі таңда, аталмыш жобаға қатысты ереже жасалған болатын. Осыған орай, жобаның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру үшін В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде еңбек ардагері, ауданға еңбегі сіңген Құрметті азаматы — Жақсыбаев Дәулетжан Абдрахманұлы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы, жидашы-қаламгер — Қоспаев Бақтығали Дінішұлы, Ақжайық аудандық кәсіподақ ұйымының және ардагерлер кеңесінің төрағасы — Үмбеталиев Максим Жаншаұлы, Абай атындағы мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі — Өтебаев Биман Жасұланұлы, М.Әуезов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі — Жолдасова Шұға Жиесқызы, балалар-жасөспірімдер туризм орталығы «Өлкетану және музей ісі» бөлімінің меңгерушісі — Игазиева Алия Мейрамқызы жиналып жобаны талқылады.
Құрметті ауыл тұрғындары! Егер сізде көне кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер болған жағдайда, келешек ұрпаққа қалдыру мақсатында оны электронды каталогқа цифрландырып енгізу үшін музей мамандарымен хабарласуыңыз сұралады.

Scroll to Top