«Жергілікті ақын-жазушылар» залы.
Көрнекті қазақ ақыны, жерлесіміз Қазақстан халық жазушысы, СССР және Қаз.ССР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ленин және екі мәрте Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерінің иегері Жұбан Молдағалиевтің жеке жұмыс үстелі қойылған.
Көрнекті қазақ ақыны, Қазақстан Жазушылар одағынының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ақұштап Бақтыгерееваға мерейтойына арналған экспозияны көрмеміз. Композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Илья Жақановтың «Еділ мен Жайық» экспозициясы, Сонымен бірге, ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі Сағынғали Сейітовтың 100 жылдығына орай ашылған экспозиялары орын алған.