Зал В.И.Чапаевтың штабы
Бұл 1854 жылы салынған татар саудагері Манжуковтың екі қабатты үйі. Үйдің жоғары қабатындағы 2 бөлмесінде саудагердің жанұясы тұрған, ал төменгі қабатындағы екі бөлменің үлкенінде сауда жасаған. Залға қойылған материалдар В.И.Чапаевтың 1887 жылдан 1918 жылдар аралығындағы қызметі мен өмірі туралы мәліметтер береді.
Штабтың бірінші қабатында ординарецтер мен штаб кезекшілердің бөлмелері орналасқан. Үлкен стол самауырын, кароп салынған ыдыс Д.А. Фурмановтың «Чапаев» романындағы «Ұрыс кезінде командир қайда болу керек!» деген белгілі эпизодын көз алдыңызға елестетеді.
Штабтың екінші қабатында В.И.Чапаевтың, девизия комиссары П.С. Батуриннің кабинеттері орналасқан. Мұнда қойлған шкаф, столдар, орындықтар, сағат, керосин шамдар штабтың күнделікті жұмыс жайын бейнелейді. Сонымен бірге, бұл жерде буркамен папаха, «Андервуд» баспа машинкасы, «Морзе» аппараты, штаб қызметкерлерінің оперативті істері бойынша белгі қойған түпнұсқа карта қойылған.