«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / М.Мәметова мемориалдық музейі

М.Мәметова мемориалдық музейі

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі. Шығыс халқы қыздарынан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры атағын алған Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі.

М.Мәметова мемориалдық музейін ашу туралы Орал облысының атқару комитетінің №359 шешімі 1982 жылы 3 маусымда қабылданған. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 60 жыл толуына орай «Әкелер даңқы жолымен» ІХ республикалық жиыны аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі 1982 жылғы 7 шілде күні ашылды.

Музей алғашында 300 жәдігермен ашылған. Алты Алашқа ортақ қазақтың батыр қызының атындағы музейде Мәншүк Мәметованың Ұлы Отан соғысынан анасына жазған хаттары және ата-анасының ұстанған заттарын көруге болады. Сонымен қатар музейде сұрапыл соғыстан сыр шертетін құжаттар, жерлес майдангерлердің өмірбаяндары, суреттері мен орден-медальдары туралы мәліметтермен таныса аласыздар. Музейде Ұлы Отан соғысы жылдары Қызыл Армия пайдаланған қару-жарақтар, оқтар, снарядтар, майдангерлердің үшбу хаттары тағы да басқа көптеген жәдігер жинақталған.

Музей ғимараты ХІХ ғасырдағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Дәл осы үйде 1932-1934 жылдар аралығында Мәметовтер отбасы тұрған. Ғимарат 1900 жылы салынған.

Музейде 5 зал келушілерге қызмет көрсетеді.

  1. Кіріспе зал,
  2. Мәметовтер залы,
  3. мемориалдық зал,
  4. көркемсурет залы,
  5. Ұлы Отан соғысы залы болып бөлінеді.

 

Мекен жайы:  БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 51 үй.

8(7112) 506210

 

Scroll to Top