«Мәншүктің өшпес ерлігі» диорамасы
Сурет авторы: Ананьев Михаил Ананьевич – Мәскеу қаласындағы Греков атындағы әскери сурет студиясының суретшісі. 1993 жылы салынған. Мәншүк Мәметованың соңғы шайқасына, ерлігіне 50 жыл толуына орай салынған.
Диорама 1943 жылғы 15 қазан Мәншүк Мәметованың Псков облысындағы Невель қаласын қасық қаны тамғанша қорғап тұрып, ерлікпен қаза тапқан сәтін бейнелейді.