М.Мәметова мемориалдық музейі
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі. Шығыс халқы қыздарынан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры атағын алған Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі.
М.Мәметова мемориалдық музейін ашу туралы Орал облысының атқару комитетінің №359 шешімі 1982 жылы 3 маусымда қабылданған. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 60 жыл толуына орай «Әкелер даңқы жолымен» ІХ республикалық жиыны аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейі 1982 жылғы 7 шілде күні ашылды.
Музей алғашында 300 жәдігермен ашылған. Алты Алашқа ортақ қазақтың батыр қызының атындағы музейде Мәншүк Мәметованың Ұлы Отан соғысынан анасына жазған хаттары және ата-анасының ұстанған заттарын көруге болады. Сонымен қатар музейде сұрапыл соғыстан сыр шертетін құжаттар, жерлес майдангерлердің өмірбаяндары, суреттері мен орден-медальдары туралы мәліметтермен таныса аласыздар. Музейде Ұлы Отан соғысы жылдары Қызыл Армия пайдаланған қару-жарақтар, оқтар, снарядтар, майдангерлердің үшбу хаттары тағы да басқа көптеген жәдігер жинақталған.
Музей ғимараты ХІХ ғасырдағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Дәл осы үйде 1932-1934 жылдар аралығында Мәметовтер отбасы тұрған. Ғимарат 1900 жылы салынған.
Музейде 5 зал келушілерге қызмет көрсетеді.
- Кіріспе зал,
- Мәметовтер залы,
- мемориалдық зал,
- көркемсурет залы,
- Ұлы Отан соғысы залы болып бөлінеді.
Мекен жайы: БҚО, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 51 үй.
8(7112) 506210