Табиғат және экология музейі
Табиғат және экология музейі Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі,
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі болып жұмыс атқарып келеді.
Музей алғашында 1852 жылы Орал әскери училищесі жанында Г.С.Карелиннің өлке тарихына қатысты жәдігерлерді жинақтауымен құрылған. Ол Орал музейінде сақталған қазба жәдігер жануарлардың: мамонттың, жүндес мүйізтұмсықтың, алып бұғының сүйектерін көргендігін жазған.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамында табиғат бөлімі ретінде 1990 жылға дейін болып, Құтқарушы Христ ғимаратында орналасқан, ал 1990 жылы Театральная көшесінде, 1996 жылдан Н.Назарбаев даңғылы 151/2 ғимаратта орналасып келеді.
Музейдің жұмысы табиғатты қорғау ұйымдарының алдына қойылған мақсаттарымен тығыз байланысты. Музей жұмысының басты міндеті - туған өлкенің табиғатына қамқорлық сезімді оятып, экологиялық саналылықты қалыптастыру.
Музейдің үш залы бар. Бірінші залдан өлкеміздің ғалым-зерттеушілері, пайдалы қазбалары, жануарлар әлемі туралы мәлімет алуға болады. Екінші залда өлкеміздің Солтүстік Каспий жағалауы өңірінде кездесетін жәндіктің түрлері көрсетіледі, мұнда «Дала» диорамасының аң-құстары туралы мәлімет бар. Үшінші залда «Орман» диорамасы назарыңызға ұсынылады.
Музей экспозициясында құртпа балық, бекіре, сүйрік, тікенек құтпа балық, сазан балықтары көрсетілген. Экспозиция Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қойылған бөліммен аяқталады.
Музейде келушілерге «Қасіретті Нарын», «Батыс Қазақстан облысының табиғаты», «Жыл мезгілдері», «Аққулар өлкесінде», «Қарашығанақ» бейнетаспалары көрсетіледі.
Мекенжайы: БҚО, Орал қ, Н.Назарбаев даңғылы 151/2
8(7112) 506709