«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастама жүзеге асты
25.04.2026
·
Табиғат және экология музейі
Батыс Қазақстан облысында 25 сәуір күні Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде өтті. Ауқымды экологиялық бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен телекөпір жалғасып, оған Облыс әкімі Нариман Төрегалиев, облыстық депутаттары, БҚО мәслихат аппаратының қызметкерлері, эковолонтерлер, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Табиғат және экология бөлімінің меңгерушісі Айгүл Омарғалиқызы, экскурсовод Байтұрсынова Нұрзада, Өтеген Әмина белсене атсалысты. Акция аясында Шаған өзенінің жағалауына 1000 түп ағаш отырғызылды.