БҚО-да «Жайық – достық өзені» атты мерейтойлық көрме ашылды
17.07.2026
·
Табиғат және экология музейі
Табиғат және экология музейінде Жайық өзені бойымен Орынбор облысының ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған қазақстандық тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық-туристік экспедицияның 30 жылдығына, сондай-ақ қазақстандық-ресейлік экспедицияның 25 жылдығына арналған «Жайық – достық өзені» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Аталған көрме Орал қаласы күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Экспедиция тарихы мен өзен экожүйесін насихаттауға бағытталған шара көпшілікке тарихи естеліктер мен құнды деректерді ұсынады.