«Табиғат және экология музейінде “Ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері” атты көрменің ашылуы өтті»
24.04.2026
·
Табиғат және экология музейі
Табиғат және экология музейінде 23 сәуір күні «Авторлық көрме» жобасы аясында жабдықталған «Ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері»атты көрменің ашылуы өтті. Аталмыш шараға М.Өтемісұлы атындағы БҚМУнің 1курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Миллиондаған жылдар бұрын,кайнозой кезеңінде біздің өлкемізде тіршілік еткен ең алып жануарлар әлеміне шолу жасау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде: мамонттың,мүйізтұмсықтың, бизондар, бұғылар мен пілдердің сүйектері қойылды.