«Орман» экспозициясы
Орманның ең ірі жануарларын: бұлан, елік, борсық, сілеусін, түлкіні көре аласыздар. Ағаш саңылауларында қараторғай, тоқылдақ, көкек және басқа да құстар ұялайды. Биік ормандардың барлық жерлерінде көптеп жаурауық, мысықторғай ұялайды.
Бұлан – өлкеміздің ең ірі сүтқоректісі. Салмағы 570 кг, дене ұзындығы 280 см. Жайық өзені жағалауындағы ормандар мен Қара-Ағаш, Қайынсай жол бойындағы ормандарында мекендейді. Ағаш қабығы, бұталармен қоректенеді. Соңғы жылдары бұлан санының азаюы байқалады.
Елік – бұғылар тұқымдасының ең кішісі. Биіктігі – 150 см, аталығының салмағы – 49 кг, ал аналығы – 42 кг. Негізінен бұталар арасында тіршілік етеді.
Сілеусін – орман жануары. Дене ұзындығы 84-104 см; құйрығы – 20-30 см., салмағы 8-15 кг. Қоян, кеміргіштер мен жабайы тұяқтылармен қоректенеді. Соңғы жылдары сілеусін санының өсуі байқалады. Әсіресе Зеленовск және Бөрлі аудандарында.
Түлкі – отырықшы, көшпелі түр. Облыста кең тараған жыртқыштың түрі. Дене үзындығы 69-90 см. , құйрығы 40-60 см. Терісі жұмсақ, әрі құнды. Жұппен тіршілік етеді. Ұсақ кеміргіштермен, сарышұнақтармен және т.б. қоректенеді.
Қоян – облыста қоянның 2 түрі кездеседі: ор қоян мен ақ қоян.
Борсық – денесінің ұзындығы 60-90 см., құйрығы 25 см. Жазда салмағы 10-16 кг болса, күзге қарай 20-30 кг салмақ жинады. Облыстың барлық бұрыштарында кездестіруге болады.