«АТАМЕКЕН» өнер ордасы көрме ұйымдастыру бөлімі
Рухани байлықтың қайнар көзі – өнерде. Соның ішінде бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы үлкен.
2021 жылы қазан айында «Атамекен» өнер ордасы ашылып, ғимараттың екінші қабатынан арнайы талапқа сай жабдықталған – 540 шаршы метрлік үлкен көрме залы іске қосылды. Осы уақыт аралығында көптеген суретшілер көрмелері мен халықаралық, республикалық симпозиумдар өткізілді.
Көрме ұйымдастырудағы негізгі мақсат, өнер туындылары арқылы ұлтаралық достықты паш ету, әлемдік мәдени құндылықтарды тану және барлық аймақтармен ортақ мәдени кеңістік қалыптастыру.
Батыс Қазақстанның дарынды қылқалам шеберлерінің классикалық дүниелерін әлемге таныстыру, жалпы рухани әлемді байыту болып табылады