Бүгін БҚО тарихи-өлкетану музейінің көрме ұйымдастыру бөлімі «Атамекен» өнер ордасының көрме залында «Богус» көркемсурет салоны қауымдастығы суретшілерінің «Махаббатты сезіну» көрмесінің ашылуы өтті.
27.01.2026
·
«АТАМЕКЕН» өнер ордасы көрме ұйымдастыру бөлімі
Қылқалам шеберлерінің шығармашылық әлеуетін кеңінен насихаттау мақсатында көрмеге 13 суретшінің 103 туындысы қойылды.
Музей директорының орынбасары Нұржан Дүзбатыр суретшінің ішкі әлемі мен рухани ізденісін ерекше атап өтіп, «Богус» көркемсурет салоны қауымдастығының директоры А.А. Потаповқа музей директоры Ж.Сафуллиннің атынан алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде суретші Елена Потапова көрмеге қатысушы әріптестеріне шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді.
Әр туынды — жүректен шыққан сыр, әр бояу — сезімнің үні.
Баршаңызды шабыт пен сұлулыққа толы көрмеге шақырамыз.
Көрме 2026 жылғы 20 ақпанға дейін жалғасады.