Ұлыбритания Елшісі Салли Джейн Аксуорси «Атамекен» өнер ордасында болды
27 сәуір күні Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорси ресми сапармен келді.
Жұмыс сапары барысында Shell концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куган және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в» компаниясының бас директоры Марко Марсилимен бірлесіп, КПО компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында іске асырылған әлеуметтік жобалар таныстырылды.
Меймандар «Атамекен» өнер ордасының көрме залында жабдықталған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, график-суретші әрі ардагер-спортшы Құбайболла Хасанов шығармаларын тамашалады. Шетелдік қонақтар суретшінің дала пейзаждары мен қазақ халқының рухани құндылықтары бейнеленген жұмыстарына айрықша назар аударды.
Көрмені тамашалау барысында елші әр туындының мазмұны мен орындалу техникасына тәнті болып, Салли Джейн Аксуорси орталық ұжымына жылы лебізін білдірді