«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі

Жәңгір хан атындағы  тарихи-этнографиялық музейі

 

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей 2003 жылғы 11 қазанда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің 40 жылдық мерейтойында ашылған.

2004 жылғы 1 наурыздан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейінің бөлімі айналып, Жәңгір хан атындағы музейі деп аталды.

2007-2008 жылдары музейге екі зал қосылып, экспозициялық көлемі ұлғайтылып, Жаңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей деп аталды. Музей «Этнография», «Жәңгір хан, «Университет тарихы»  залдарын қамтиды.

«Этнография» залы қазақ халқының тұрмыс-салты, дәстүр-ғұрыптары дәріптеліп, экспозицияға ұлттық баспанамыз киіз үй, әшекей бұйымдар, тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақ үлгілері қойылған.

Музей орналасқан оқу орны Жәңгір хан атында болғандықтан, музейіміздің бір залы Жәңгір ханға, Жәңгір ханның елге жасаған игі істеріне  арналып, сол заманның куәгері болған бұйымдары мен Жәңгір ханның шапан-мундирлері мен Фатима ханшаның көйлектері қойылған.

Үшінші зал «Университет тарихы» залы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің тарихына арналған.

 

Мекен жайы: БҚО Орал қ. Жәңгірхан көшесі 51

Scroll to Top