«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Сейтек Оразаұлының 165 жылдығына арналған күй кеші өтті

22.04.2026 Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі

Бүгін ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына арналған тағылымды кеш өтті.
Күйші-композитор Сейтек Оразаұлының туғанына 165 жыл толуына орай Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде ерекше күй кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, халық күйшісі Қазиев Ермек Еселұлы және белгілі домбырашы, ұстаз Қанат Амангелдіұлы қатысып, күй шертті.

Кеш барысында қонақтар Сейтек Оразаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп, күйлерін орындады. Сонымен қатар, студенттермен бірлескен күй орындау дәстүр сабақтастығын айқындай түсті.
Аталған шара ұлттық өнерді дәріптеу мен тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталды.
Өнерпаздар Сейтек Оразаұлының терең мазмұнды шығармалары туралы сыр шертіп, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Осындай тағылымды шаралар ұлттық мұрамызды ұлықтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды жолы екені сөзсіз.
Ұлттық өнеріміз өркендей берсін!

Scroll to Top