«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған «Ел есіндегі еңселі тұлға» атты тағылымды кеш өтті

23.04.2026 Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі

5.04.2026 күні Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде «Ел есіндегі еңселі тұлға» атты іс-шара өтті. Тағылымды кеш белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдық мерейтойына арналды.
Кеште алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы шараның маңыздылығына айрықша назар аударды.
Бұдан әрі кештің қонағы – Орал қаласының құрметті азаматы, «Зерде-Память» қорының төрағасы Қуанышбай Төлебаев Мұстақым Біләлұлымен қызметтес болған жылдарынан естеліктер айтып берді. Ол М.Ықсановтың Батыс Қазақстан өңіріне ғана емес, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында абыройлы еңбек етіп, ізгілікті істердің ұйытқысы болғанын атап өтті.

Scroll to Top