«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музей бөлімі қос қабатты жаңадан пайдалануға берілген ғимарат (шаршы көлемі 789) болып табылады. Ғимараттың бірінші қабатында музейдің қор бөлімі 4 бөлмеде орналасқан. Сонымен қатар музей меңгерушісі, музейдің қор сақтаушысы, экскурсия жетекшілерінің кабинеттері, Марат Сақыпұлы атындағы оқу-ағарту залы және мәжіліс залымен қамтылған. Ғимараттың екінші қабатында музейдің жаңа экспозициясы жабдықталған. Сырым музейінде барлығы 5 зал бар.

І. Сырым батыр тарихы залы

ІІ. Қадыр Мырза Әлі және аудан мәдениеті залы

ІІІ. Соғыс және еңбек ардагерлері мен медицина, спорт залы

ІV.Табиғат, археология залы

V.Этнография залы

Құнды жәдігерлері: Сырымның балауыз мүсіні, Сырымның мөрі, киіз үй, күмістер топтамасы,  жылқы, елік, бүркіт, үйректер, қаз, шіл, құр, борсық, құндыз, қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, жылқышы, күзен тұлыптары, археологиялық қазба материалдары, монеталар, ақшалар, қола ұйымдар, тері үйрек бұйымдар, ат әбзелдері, ұлттық киімдер (ХХ ғасырдың түпнұсқасы) бес қару топтамасы, диараммалар, Қадыр Мырза Әлінің түпнұсқа тұтынған бұйымдары, аспаптары, жазу құралы, киімдері, сөмкелер, сағаттар, телефондар, құжаттар, көзәйнектер, ғалымдардың еңбектері, экспедиция материалдары, альбомдар, 1000-ға жуық сыйға берілген кітаптар, кеңестік кездегі түпнұсқа марапаттар, киімдер, сөмкелер, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық заттары, 130 жылдық тарихы бар білім саласы мен медицина саласының дәрігерлердің, ұстаздардың тұтынған құжаттары, заттары, марапаттары, 2000-ға жуық партиялық архив, спорт саласының ардагерлерінің түпнұсқа заттары, киімдері, кубоктар, вымпелдар, медальдар, дипломдар, мерекелік костюмдар, ауған жауынгерлерінің медальдары, ұрыс даласындағы қару-жарақтары, жарылғыш заттардың макеті, Курск-Дуга шайқасында қаза тапқан Хуси Жұмағалиевтың түпнұсқа ордені, медалі, құжаттары және кейбір жеке заттары, ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің түннұсқа құжаттары, киімдері, тұтынған бұйымдары, музыкалық аспаптары және тағы басқалары сақталған.

Мекен-жай: Алаш Орда 21

e-mail: syrym.museum@mail.ru

facebook: Сырм Датұлы музейі

Instagram: syrym_museum

Байланыс номері: 8 (71134) 21-1-06

 

 

 

Scroll to Top