«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Ауылдан музейге» – рухани жаңғыруға бастар жол

02.05.2026 Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі

Ауыл тынысы – елдің тамыры. Сол тамырды тереңірек танып, өткен мен бүгінді жалғау мақсатында “Ауылдан музейге” атты игі жоба өз бастауын алды. Бұл бастама – музей табалдырығын әлі аттап көрмеген ауыл тұрғындарына мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру бағытында басталған болатын.

Жобаның алғашқы қонақтары болып Қособа ауылдық округінің тұрғындары келді. Олар үшін бұл сапар жай ғана экскурсия емес, ауданның бай мұрасымен қайта қауышқан, ұлттық құндылықтарды жаңаша таныған ерекше рухани сәтке айналды. Экспозицияларды тамашалай отырып, әрбір келуші өткеннің үнін естіп, тарихтың тынысын сезінгендей болды.

Осындай тағылымды бастамалар арқылы музей мен халық арасындағы алтын көпір нығайып, ұлттық рухтың жаңғыруына жол ашылары сөзсіз.

 

Scroll to Top