«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / А.С.Пушкин музейі

А.С.Пушкин музейі

А.С.Пушкин музейі бұрынғы Орал казак әскері атамандарының резиденциясында орналасқан. Қала орталығындағы бұл үй 1825 жылы салынған. Атаман Бородин үшін ғимарат жобасын қаланың алғашқы сәулетшісі итальяндық Микеле Дельмедино жасаған. Қазіргі таңда ғимарат тарихи қалалық кешенге кіреді, бұл туристер үшін ең қызықты орындардың бірі болып саналады.

Музей 2006 жылы ашылған, Қазақстанда Пушкин жылы қарсаңында, ұлы поэзия генийі А.С.Пушкин тоқтаған үйде орналасқан. Музей залы XIX ғасырдың басындағы сәулетті үйдің атмосферасын көрсетеді, мұнда В.И. Даль, В.А.Жуковский, Л.Н. Толстой болған. Мұнда XIX ғасырдың басындағы түпнұсқа жиһаздар мен тұрмыстық заттар көрсетілген. Экспозицияда А.С. Пушкиннің өлімнен кейінгі бетпердесі бар.

Ең құнды экспонаттардың бірі - танымал суретші В.Тропининнің «Д.М. Бородиннің портреті» картинасы, ол түпнұсқада көрсетілген. Сонымен қатар, музей экспозициясында «Капитан қызы» және «Пугачев бүлігінің тарихы» атты ескі кітаптардың басылымдары бар.

Суретшілердің линогравюралары арқылы ұлы ақынның тұрған орындарын елестетуге болады: «Петр мен Павел шіркеуі», «Михаило-Архангельский соборы», «М.Толкачевтің үйі», ақынның қолжазбаларының көшірмелері, Ақжайықта болған ақындар мен жазушылар туралы фото және құжаттық материалдар. Біздің қала Қазақстанда ұлы ақынның аяғы тиген жалғыз қала болып табылады.

Экспонаттар саны: 66, оның ішінде 39 негізгі қор, 27 қосымша қор.

1-зал: 21,6 кв.м.

2-зал: 61,5 кв.м.

Музей меңгерушісі – Мырзаболатова Асылжан Габдолқызы.

Мекен-жайы: Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы, 168;

телефон: +7 (7112) 50-56-75

Scroll to Top