«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫНЫҢ ДОМБЫРАСЫ

«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫНЫҢ ДОМБЫРАСЫ

Сипаттама

Халық композиторы, күйші
Жасаушы шебер: Едіге Нәбиев

        Батыс төкпе күй өнері дегенде есімі алғаш болып аталатын күйші – Құрманғазы Сағырбайұлы. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының 2018-2019 жылғы атау­лы күндер күнтізбесіне енгізілген күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту қарсаңында күйші, домбыра жасаушы шебер Едіге Нәбиев Құрманғазының домбырсының көшірмесін жасап, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына табыстады.

      Құрманғазы Сағырбайұлының қолының табы тиген домбыра Ресейдің Астрахан облысы Алтынжар ауылындағы «Құрманғазы атындағы мәдени орталық» қорында сақталған. Бұл домбыра Құрманғазының тікелей шәкірттерінің бірі болған Ыбыр Досалиев деген күйшінің домбырасы. Құрманғазы бұл домбырамен шәкіртіне талай күй үйретіп, шығармаларын орындаған. Яғни бұл домбыра бүгінде Құрманғазының көзіндей, күйлерінің үніндей болып отырған бізге жеткен жалғыз мұра.

       Қазіргі таңда музей экспозициясынан орын алған Құрманғазының көшірмесін жасауда Едіге Нәбиев дәл өлшемдерін алып, табиғи ерекшеліктерін, құрылысын, ағашының ерекшелігін, дыбысын сақтай отырып жасап шыққан. Көшірмесін жасау үшін бір жыл уақыт жұмсаған.

    Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) – қазақ халқының классик күйші- сазгері, төкпе күйдің шебері.Ол Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және ұстазы болған Ұзақ күйші.

     Күйшінің ең танымал шығармаларының қатарында – “Сарыарқа”, “Адай”, “Кішкентай”, “Балбырауын”, “Түрмеден қашқан” туындылары бар. Бұл күйлер халықтың күшін, ерік-жігерін және табандылығын көрсететін шығғармаларға айналды. Бүгінде Құрманғазының музыкасы Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де орындалады, ал оның есімі Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестріне берілді. Күйшінің шығармашылығы Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады, оның ұлттық музыканың дамуына қосқан үлесі  өлшеусіз.

2. Құрманғазының күйі «Сарыарқа» — Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі

3. Құрманғазының күйі «Сарыкөл – Самар» — Ермек Қазиев (1991 жыл)

4. Құрманғазының күйі «Байжұма» — Оқап Қабиғожин (1937 жыл)

5. Құрманғазының күйі «Бұқтым, бұқтым» — Шәміл Әбілтаев (1970 жыл)

6. Құрманғазының күйі «Балқаймақ» — Әзидолла Есқалиев (1972 жыл)

7. Құрманғазының күйі «Алатау» — Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі
Scroll to Top