
Туған жеріміздің талай ғасырға тартатын терең тарихы бүгінде көненің аңызында және музей-мұражайлардың қоймаларында сақталған. Бірақ соны біз білеміз бе? «Жәдігер» айдары облыс музейлерінде, мұрағаттарында, кейбір жекелеген азаматтардың қолында сақталған ерекше құнды мұраларды таныстыруға арналмақ.
Жәдігердің атауы – фалар (қалқан-ша). Фалар – ат әбзелінің әшекейіне жатады, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.
Археология ғылымында сарматтар кезеңіне (біздің дәуірімізге дейінгі III ға-сырдан – біздің дәуіріміздің IV ғaсыры aралығы) қатысты ерекше құнды жәдігер – күміс фаларларды 1981 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты-ның Ғаяз Кушаев басқарған археологиялық экспеди-циясы тапқан. Табылған жері – қа-зіргі Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ау-данының территориясындағы Володарка І бейітіндегі №4 оба.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, бұл бейіт және табылған жәдігерлер б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға жатады. Фалар күмістен жасалған, жұқа алтын жапсырмамен көмкерілген, бетіндегі бейнелер шекіме түрінде жасалған.
Фалардың жалпы диаметрі – 24,6 см. Жал-пы, сарматтар кезеңіне қатысты мұндай фалар-лар бұрын-соңды талай табылған. Бірақ олар негізінен кішкентай болып келеді. Білуімізше, дәл осындай көлемді фалар Санкт-Петербург-тегі Эрмитажда ғана бар екен.
Қалқаншада грек мифологиясында айты-латын үш басты Химерамен күресіп жатқан Беллерофонт салынған. Б.д.д. ІХ-VІІІ ғасыр-ларда шыққан грек аңыздарында қанатты тұлпар – Пегасқа мінген Беллерофонт үш басты Химерамен шайқасып, өлтірген.
Бір қызығы, фалардың бетіндегі сурет алыстағы грек аңызынан алынғанымен, ғалымдар өнер туындысын жергілікті, яғни сармат шеберлері жасаған деген болжам айтады