ЖИ арқылы тарихқа жан бітірген үздіктер марапатталды
✅️Халықаралық музейлер күніне орай «Тарих сөйлейді: жасанды интеллект арқылы жасалған комикс» шығармашылық байқауы
және «Музей ЖИ көзімен» тақырыбында бейнебайқау ұйымдастырылған еді. Басты мақсат — тарих пен заманауи технологияны ұштастырып, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы тарихи тұлғалар мен мәдени мұраны жаңа форматта таныту болатын.
✅️Комикс бойынша байқау ережелері мен талаптарына сәйкес келетін барлығы 30 жұмыс қабылданды. Оның ішінде «Тақсай ханшайымы» тақырыбында – 12 жұмыс, «Сырым Датұлы» – 2, «Дина Нұрпейісова» – 3, «Махамбет Өтемісұлы» – 3, «Қыпшақ жауынгері» – 1, «Хан тоғайы» – 1 және «БҚО тарихи-өлкетану музейі» тақырыбында 1 жұмыс ұсынылды.
✅️Келіп түскен жұмыстардың көптігіне байланысты оларды мұқият сараптап, шешім қабылдау үшін қосымша уақытты талап етті. Сол себепті байқау қорытындысы сәл кешіккенін назарларыңызға саламыз.
✅️Комиссия мүшелерінің шешімімен «Тарих сөйлейді: ЖИ арқылы жасалған комикс» шығармашылық байқауында үздік шыққан төмендегі жеңімпаздарды марапаттаймыз:
І орын – Кеңес Салтанат (100 000тг)
ІІ орын – Құрманғалиев Бекарыс (50 000тг)
ІІІ орын – Жасқайратова Альбина (25 000тг)
✅️Ал «Музей ЖИ көзімен» бейнебайқауының қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен
І орын – Меллатова Әсем (100 000тг)
ІІ орын – Хасан Нұрбек (50 000тг)
ІІІ орын – Сабыр Әли (25 000тг) жеңімпаз деп танылды.
Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.
✅️Аз ғана уақыттың ішінде байқауға қатысуға ниет білдірушілердің саны көп болғаны байқадық. Барлық қатысушыларға белсенділіктері, шығармашылық ізденістері және тарихи мұраны жаңа форматта танытуға қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреміз!
✅️Жақын арада салтанатты марапаттау шарасы болатынын хабарлаймыз.