«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

“Ұлы Жеңіс — ұрпаққа мұра” көрмесінің салтанатты ашылуы

06.05.2026 Бөрлі тарихи-өлкетану музейі

Бүгін Бөрлі тарихи-өлкетану музейінде “Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс” атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Ашылуға Ақсай техникалық колледжінің ТПНГ-1, 41К студенттері, Н.Тажиева, Бөрлі техникалық колледжінің оқытушысы М.Уркинов, 1,2,3 курс студенттері, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің тәлімгері А.Шагирова, 9 в сынып оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.
Көрмеге Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова, А. Тихоненко, Н. Черненко, Д. Панфилов, Даңқ Ордендерінің толық кавалері А.Ковалев және соғыс ардагерлері А. Нурсултанов, Қ. Шәкенов, Б. Исмаиловтардың фотосуреттері, құжаттары, орден медальдары, кітаптар: Б.Боранбаева «Батыс Қазакстан облысының қазақ қыздары», А.Мәметов.Т.Әліпқали «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр». А.Тихоненкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілген грамотасы, жұбайы Пелагея Андреевнаға өлімі туралы жіберілген қағаз, Ұлы Отан соғысына қатысушы Исмаилов Бекмұханның жұбайы Көркемге соғыстан жіберген үш бұрышты хатының түпнұсқасы қойылған.
Сондай ақ мәнді жәдігерлер — дулыға, құты, оқтар, ядро және басқа да әскери заттар көрермен назарынан тыс қалмады.
Осы экспозиция арқылы біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігі мен отансүйгіштігін жас ұрпаққа жеткізуді, тарихи естеліктерді ұзақ сақтауды мақсат етеміз.

Scroll to Top