Ұлттық Ұлан жауынгерлері музейде
08.06.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Ұлттық Ұлан жауынгерлері арасында Қазақ күресінен «БАТЫС» өңірлік қолбасшылығы чемпионатына қатысушылар облыстық музейге арнайы келіп, өңір тарихымен танысты.
5517 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байрақты додада бақ сынаған жауынгерлер музейден алған әсерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.